«Алғыс» айдары
Кейде ең құндысы — көп сөз емес, шын жүректен шыққан «рахмет».
Біз «Алғыс» айдарын ашамыз. Бұл айдарда әрбір адам қан донорларына және Қан орталығының қызметкерлеріне өз алғысын білдіре алады — күн сайын үміт сыйлап, өмірді сақтап, қолдау көрсетіп жүрген жандарға.
Егер сіз немесе жақындарыңыз бір кездері көмек алған болса, біреудің қаны өмірді сақтап қалса, ал жаныңыздан әрдайым жанашыр, мейірімді мамандар табылған болса — осы жерде өз алғысыңызды жазыңыз.
Сіздің жылы сөздеріңіз міндетті түрде өз иесін табады және олар үшін үлкен қолдау мен мотивация болады
Кейде бір ғана «рахмет» өте үлкен мәнге ие.
Алғыс сөздеріңізді пікірлерде немесе жеке хабарлама арқылы қалдырыңыз.
Біз оларды міндетті түрде осы айдарда бөлісеміз.

