«Арматура зауыты» АҚ кәсіпорнының аумағында Донор күні өтті

«Арматура зауыты» АҚ кәсіпорнының аумағында Донор күні өтті

2024 жылғы 05 маусымда «Арматура зауыты» АҚ-да ұзақ үзілістен кейін донор күні өтті. Бұл күні мобильдік қан дайындау кешеніне 45 – тен астам адам жүгінді. 20 литр құнды биоматериал дайындалды.

«Бүгін осындай іс-шараға бірінші рет қатыстым. Сіз қай жерде жұмыс жасасаңыз да, не істесеңіз де жақсы істер жасауыңыз керек. Біздің ұйымда жұмыстан қол үзбей жақсылық жасауға осындай мүмкіндік бар. Дәрігерлер мен медбикелер қан тапсырудың барлық кезеңдеріне өте мұқият қарайды. Басқаларға көмектесу оңай және қауіпсіз. Барлығын осындай іс – шараға қатысуға шақырамын – өйткені бұл өте маңызды!»- деп атап өтті зауыт қызметкері.

«Арматура зауыты» АҚ басшылығына облысымызда өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз! Барлық қатысушыларға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз, өйткені қазір жиналған барлық қан көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі! Донорларымызға зор денсаулық пен сарқылмас қуат тілейміз!

Донорский календарь на июньДонорларды шақыру

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33