Аяз атаның Қан фабрикасы- Донорлық акциясы!
30 желтоқсан күні таңертең ерте Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында
сиқырлы «Аяз атаның Қан фабрикасы» өз жұмысын бастады.
Бұл ерекше конвейерде ойыншықтар емес, әлемдегі ең қымбат сыйлық – үміт пен
өмір шығарылады.
Бұл күні қан орталығының қызметкерлері Аяз атаның сенімді көмекшілері –
кішкентай эльфтер секілді донорларды ерекше қамқорлықпен қарсы алып, өмірлік маңызы
бар эликсирді аса мұқтаж жандар үшін дайындау мақсатында тынымсыз еңбек етті. Осы игі
«конвейердің» әрбір кезеңі жылулыққа, кәсібилікке және шынайы көмек көрсету ниетіне
толы болды.
Жаңа жылдық донорлық акция донорларға игі іс жасау мүмкіндігін ғана емес,
сондай- ақ шынайы мерекелік көңіл күй сыйлады. Қонақтарды Аяз ата, Ақшақар және біздің
мейірімді кейпкеріміз – «Қан тамшысы» қарсы алып, қуанышқа, шаттыққа және жаңа
жылдық ғажайыпқа толы атмосфера қалыптастырды. Олар донорларды құттықтап, күлкі
сыйлап, бір тамшы қанның өзі біреудің өмірін сақтап қала алатынын еске салды.
Ризашылық белгісі ретінде әрбір донор серіктестерімізден жаңа жылдық
сыйлықтарға ие болды. Ерекше сәттердің бірі – жылы шырайлы дастарқан болды: екінші
қабатта мерекелік үстел жайылып, әрбір қонақ қан орталығы қызметкерлері өз қолдарымен
дайындап, ықыласпен ұсынған дәмді тағамдардан дәм татты. Бұл біздің донорларға деген
шынайы алғысымыздың, бірлігіміз бен жан жылуымыздың тағы бір көрінісі болды.
Осы күні ғажайып шынайы болды – ол донорлардың ізгі жүрегінен және қан
орталығының «эльфтері» деп атауға тұрарлық қызметкерлерінің өзін-өзі сарп ететін
еңбегінен туды, олар күн сайын адамдарға өмір сыйлау мүмкіндігін береді.
Осы жаңа жылдық ертегінің бір бөлшегі болған барлық адамдарға алғысымыз шексіз!
Ерекше мерекелік атмосфераны қалыптастыруға қосқан үлестері үшін:
•«Багратион» ЖШС;
•«Настоле» сауда маркасымен «Сивер плюс» ЖШС сүт зауыты;
•ШҚО Қызыл Жарты Ай Қоғамынын филиалы;
•«Amor Flowers» гүл салоны;
* «IDEAL cleaning line (Идеал)» сауда маркасымен «Магелан» ЖШС серіктестерімізгe
шексіз алғысымызды білдіреміз.
Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында акция жылы, ұйымдасқан әрі шын жүректен
өтті. Әрбір донорға олардың жылулық сезімі мен мейірімділігі үшін алғыс айтамыз, ал
серіктестерімізге – қолдау, сенім және адамдардың өмірін құтқаруға қосқан үлестері үшін
ризашылығымыз шексіз.
Жаңа жыл баршамызға денсаулық, амандық пен мол игі істер әкелсін!

