Аяулы да ардақты ханымдар!
2026 жылғы 06 наурыз күні Халықаралық
әйелдер мерекесі қарсаңында сіздерді серіктестеріміз гүл салоны
«ROMANTIC» @romantic.uka, «Terra Coffee» кафетерийлері және «Шаурма
Кавказа» компаниясы @waurma kavkaza қолдауымен ұйымдастырылатын
дәстүрлі донорлық акцияға қатысуға шақырамыз.
Аяулы ханымдар, міндетті түрде келіңіздер, бұл донорлық акция
нәзіктікке, мейірімге және әйел жанының қуатына арналады. Жылу мен
қамқорлықты жүректен тарата білетін өздеріңізсіздер. Бүгін сіздер үшін ең
асыл сыйды – адам өмірін сақтауға үлес қосу мүмкіндігі бар.
Бұл күні қан орталығында тек әйелдерді ғана емес, ер азаматтарды да
күтеміз – олар да акцияға қатыса алады. Алайда нәзік жандылар үшін
серіктестеріміз арнайы сыйлықтар мен құттықтаулар дайындады!
•Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы
•Мекенжайы: Көкжал Барақ көшесі, 11
•Уақыты: 08:30 – 13:00 (түскі үзіліссіз)
Жақсылық ісіне үлес қосыңыз. Өмір сыйлаңыз, алғыс белгісі ретінде мерекелік
гүлді қабылдаңыз! Сіздерді асыға күтеміз!


