«Банк Центр Кредит» АҚ Өскемен филиалында Донор күні өтті!

«Банк Центр Кредит» АҚ Өскемен филиалында Донор күні өтті!

Медицина саласы заманға сай, тұрақты түрде даму үстінде. Өкпені жасанды желдету, жасанды қан айналымы, жасанды бүйрек апараттары бар, алайда қазіргі уақытта толыққанды қан алмастырғыш заттар жоқ.   Қан көзі тек адам бола алады, тек ДОНОР! Кез келген уақытта қан қажет болуы мүмкін. Кез келген минутта және кез келген жерде үлкен қан жоғалту апаты орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайлар кезінде донорлық қанға сұраныс күрт артады. Тиімділігі мен қауіпсіздігі расталған алдын ала тексерілген қан компоненттері құйылады. Ол үшін қан компоненттерінің қоры үнемі болуы керек, яғни сұраныс түскен кезде ғана емес, донорлар науқастарға алдын-ала қан тапсырулары қажет.

Қан компоненттерінің тұрақты қорына ие болу үшін облыстық қан орталығы қаламыздың ұйымдары мен кәсіпорындарында донор күндерін тұрақты негізде өткізеді.

Осындай донорлық күндердің бірі 2024 жылғы 24 шілдеде «Банк Центр Кредит» АҚ Өскемен филиалында өтті.

Бұл күні 20  -астам  адам, оның ішінде банк қызметкерлері және біздің қаламыздың және облыстың өзгенің өміріне  бей-жай қарамайтын  тұрғындары өтеусіз түрде 8 л  қан тапсырды, сол арқылы қан компоненттерінің қорын 8  литр қанға толықтырды.

Донациялар арасындағы аралықтарды сақтаңыз, денсаулығыңызды қадағалаңыз және денсаулық сақтау мамандарымен бірге сіз ондаған және жүздеген адамның өмірін сақтауға ат салысасыз.

Акцияның барлық қатысушыларына жауапкершіліктері мен жасап жатқан игі істері үшін үлкен рахмет айтамыз!

Биохимиялық қан талдауы№13 қорытынды хаттама

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33