Биыл Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ведомстволық «Құрметті қызметкер» төсбелгісіне үш қызметкер ие болды.

«Құрметті қызметкер» төсбелгісі ШҚОҚО директоры Жититаев Хайрулла Тукановичтің 2015 жылғы 24 тамыздағы бұйрығымен бекітілген және ол қызметтік міндеттерді үлгілі орындау, жоғары
кәсіби шеберлік және Қан орталығы жүйесінде 25 жыл мінсіз қызмет үшін беріледі. Бұл марапат тек бір ерекшелік белгісі ғана емес, ұзақ жылғы еңбекке, мамандыққа адалдыққа және адамдарға шын
жүректен қызмет етуге берілген лайықты мойындау болып табылады.
Осы құрметті төсбелгімен марапатталған алғашқы адам – Шмурыгина Светлана
Александровна – оның есімі ШҚ ОҚО- ның тарихы, дамуы және болашағымен тығыз байланысты.
Светлана Александровнаның медицинадағы жолы 1991 жылы Семей мемлекеттік
медициналық институтын үздік аяқтаудан басталды. Тәжірибенің алғашқы жылдарынан-ақ ол
Өскемен қаласының балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға арнаған мұқият, жауапты және
бей-жай қарамайтын дәрігер-педиатр ретінде көрсетті.
2000 жылдан бастап оның кәсіби тағдыры Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығымен
тығыз байланысты болды. Зертханашы- дәрігерден бастап қан препараттарын өндіру бөлімінің
меңгерушісіне дейінгі жолдан өтіп, ол өнім сапасын арттыруға, альбумин өндірісін көбейтуге және
технологиялық процестерді жетілдіруге елеулі үлес қосты.
2004 жылдан бастап директордың медициналық бөлімінің орынбасары қызметінде Светлана
Александровна кәсіпорынның дамуының негізгі ұйымдастырушыларының және шабыт
берушілерінің бірі болды. Оның белсенді қатысуымен мекеменің жаңа ғимараты пайдалануға
берілді, Қан орталығы денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сапа стандарттарына сәйкестік
бойынша аккредиттеуден өтті, ал облыстағы трансфузиялық көмек жүйесі жаңа деңгейге көтерілді.
Оның кәсіби шеберлігі, көшбасшылық қасиеттері және өз ісіне адалдығы бірнеше рет ҚР
Денсаулық сақтау Министрлігінің, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының және Қан орталығы
басқармасының жоғары марапаттарымен бағаланды. Олардың ішінде ерекше орын алатын
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі – оның Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау саласын дамытуға қосқан үлесін тану төсбелгісі ерекше орын алады.
Білімге ұмтылыс, даму және алға ұмтылу – Светлана Александровнаның маңызды қасиеттері.
Трансфузиология бойынша жоғары біліктілік санаты, менеджмент магистрі дәрежесі,
республикалық және халықаралық кәсіби іс-шараларға белсенді қатысу – бұның бәрі бір мақсатқа:
сапалы, қауіпсіз және заманауи трансфузиялық көмек көрсетуте қызмет етеді.
2021 жылдан бастап Светлана Александровна облыстың денсаулық сақтау басқармасының бас
штаттан тыс трансфузиологы бола отырып, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығын басқарады.
Оның басшылығымен Денсаулық сақтау ұйымдарына консультациялық- әдісемелік көмек
көрсетіледі, трансфузиялық көмекке мониторинг жүргізіледі, облыстық конференциялар
ұйымдастырылады, кәсіби қоғамдастық нығайтылады және еңірдің қан қызметінің болашағы
қалыптастырылады.
«Кұрметті қызметкер» төсбелгісі – бұл Қан орталығындағы еңбекпен, жауапкершілікпен және өз ісіне шын жүректен берілген махаббатпен толыққан ұзақ қызмет жолына құрмет, алғыс және мойындаудың символы. Біз өзіміздің жанымызда өз үлгісімен шабыт беріп, біріктіретін адам жұмыс
істейтінін мақтан тұтамыз.

