Игілікті істің шегі жоқ!

Игілікті істің шегі жоқ!

«EiraMed» ЖШС, «King_Kids_ukg» балалар бутигі, Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалы, «MMDance» би студиясы, «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және «Sharlandiya_uka»дүкені серіктестердің қолдауымен 2022 жылдың 14 маусымында қан орталығында «Қан донорлығы-ынтымақтастық актісі. Донор болыңыз және өмірді сақтаңыз!» атты Дүниежүзілік қан доноры күні өтті.

Осындай тамаша күні «MMDance» би студиясы мен «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қонақтарының қатысуымен біздің өтеусіз донорларымыз үшін концерт ұйымдастырылды. Жеке кәсіпкер Динара Ерболқызының және ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының демеушілігімен екінші қабатта мерекелік дастархан жайылып, донациядан кейін әрбір донор мерекелік дастарханға жайғасты.
Сондай-ақ, барлық қонақтар «King_Kids_ukg» балалар бутигі мен «Sharlandiya_uka» дүкені ұйымдастырған фотозонда естелік суретке түсе алды.

Қызыл Жарты Ай қоғамы ШҚО филиалының директоры Абилгалимова Арайлым Маратбековнаға, «King_Kids_ukg» балалар бутигінің жетекшісі Терскова Елена Валентиновнаға, «MMDanse» би студиясының жетекшісі Мейдер Марина Владимировнаға, «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК оқушысы Қайтбек Мұхаметәліге, «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Мақсат Еркінұлы Өтегеновке және «Sharlandiya_uka» дүкенінің иесі Мұсобаева Әселе Серікпекқызына ШҚО-да өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Біздің серіктестерімізге Дүниежүзілік қан доноры күнін өткізуге көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, еңбектеріңізге таусылмас табыс, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз!

«Қан тапсыру – ынтымақтастық актісі. Донор болыңыздар және өмірді құтқарыңыздар!»Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлеріне алғыс сөздер

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33