Болашақ зертханашылар қан орталығына келді!

Болашақ зертханашылар қан орталығына келді!

«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – ШҚОҚО) 2022 жылғы 03 қарашада «Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «Зертханалық диагностика» факультетінің екінші курс студенттері үшін қызықты экскурсия өткізді. 25 студент донорлық қанды жинау және өңдеу процесімен танысты.

Облыстық қан орталығымен танысу холлдан басталды, онда донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі, трансфузиолог – дәрігер Кулиманова Сандуғаш студенттерге донорлық туралы және оның пациенттерді емдеуге қосқан зор үлесі туралы айтып берді.

Тіркеу бөлімінде студенттер донорларды тіркеудің күрделі жүйесі туралы, әртүрлі қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ әлі 18 жасқа толмағандарға қан тапсыруға мүмкіндік бермейтін бағдарламаның сенімділігі туралы білді. Тіркеу орнынан кейін студенттер «донор ізі» бойынша жүріп, зертханашының кабинетіне келді.

Мұнда балалар біздің зертханамен танысып, қан тобын анықтау процесін және донорды донацияға жіберу үшін қажетті басқа да зертханалық тексерулер жүргізетінін көрді.Зертханадан кейін студенттер терапевт кабинетіне, қан және оның компоненттерін донациялау залына, сондай-ақ, қан орталығының басқа да өндірістік және зертханалық бөлмелеріне барды.

Әр кезеңде белгілі бір бағыттарға жауап беретін қан орталығының қызметкерлері экскурсия жетекшісі рөлін өз мойнына алып, балаларға көптеген нәрселер туралы, мысалы, қанның әртүрлі компоненттері қандай мақсатта және қалай қабылданатыны, ШҚ ОҚО-ның әртүрлі залдары мен кабинеттерінде орналасқан қандай да бір аппараттар не үшін қажет екендігі туралы айтып берді.

Осылайша, біздің болашақ әріптестеріміз Облыстық қан орталығының жұмысы туралы толық түсінік алды. Донорлықтың әртүрлі аспектілеріне, қан құрамы мен оның компоненттеріне қатысты сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды. Балалар барлық медициналық манипуляцияларды анық түрде көрді, өйткені ШҚ ОҚО қалыпты режимде жұмыс істеді және бұл күні қан мен оның компоненттерін тапсыруға келген донорлар болды.

Студенттерге экскурсия ұнады, өйткені ол танымдық, қызықты болды және оларға қан қызметінің күнделікті жұмыс күндерін көрсетті.

Экскурсиядан кейін болашақ зертханашылар оқуды бітіргеннен кейін өз болашақтарын Облыстық қан орталығымен байланыстыруға ниеттерін білдіріп, кадрлар бөлімінде байланысу мәліметтерін қалдырды.

Кезекті облыстық конференция өттіТромбоциттер

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33