Бізбен бірге жақсылық жасаңыз
Мейірімділік күніне орай біздің қызметкерлер «ALTAI» телеарнасындағы
«Алтай таңы» бағдарламасына қатысты.
«Алтай таңы» бағдарламасының тікелей эфирінде қан және оның
компоненттерін дайындау бөлімінің меңгерушісі Кулиманова Сандуғаш және
халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маман Мустафина Мира сөз сөйледі.
Бағдарлама барысында мамандар қан донорлығының маңыздылығы, қан тапсыру
рәсімінің қалай өтетіні, кім донор бола алатыны және тұрақты донорлықтың адам
өмірін сақтап қалудағы рөлі туралы айтып өтті. Сондай-ақ донорлық – өзгелерге
қамқорлық танытудың қарапайым, бірақ аса маңызды тәсілі екеніне ерекше назар аударылды.
Мейірімділік күні – тіпті кішкентай игі істердің өзі біреудің өмірін жақсы жаққа
өзгерте алатынын еске салатын күн. Қан донорлығы – сөзбен емес, іспен көрінетін
шынайы мейірімділіктің жарқын үлгісінің бірі.
Маңызды миссия туралы айтуға мүмкіндік бергені үшін телеарнаға алғыс
білдіреміз және донорлық қозғалысқа қосылатын жандар саны көбейе түседі деп сенеміз. Жақсылық жасау – оңай!

