Біз еріктілерді іздейміз!
Волонтерліктің көптеген бағыттары бар, олардың әрқайсысы ерекше және көптеген нұсқаларды қамтиды. Бүгін, біз қан донорлығының еріктілігі туралы айтпақпыз.
Қан тапсыру-медицинадағы еріктіліктің маңызды салаларының бірі. Еріктілер қан доноры бола алады, сонымен қатар донорлықтың маңыздылығы туралы халықты ақпараттандыруға қатыса алады. Еріктілер-қан қызметінің таптырмас көмекшілері, донорлық қозғалыстың ерікті қатысушылары.
Сіз қалай қан еріктісі бола аласыз? Ол үшін Сізге қан тапсыруға басқа адамдарды тарту керек. Төменде көрсетілген әдістерді қолдануға болады:
1. Қан тапсыруға жақындарыңызды, достарыңызды, таныстарыңызды, әріптестеріңізді шақырыңыз. Оларға донорлықтың пайдасы туралы айтыңыз. Мұндай “Ұзын құлақ” әдетте донорларды жетіспейтін кезде тартудың ең тиімді әдісі болып табылады, әсіресе қаннның жалпы тапшылығында емес, белгілі бір науқасқа қан қажет болған жағдайда.
2. Келесі қан тапсыру күнін белгілеп, өзіңізбен бірге жақындарыңызды, достарыңызды, таныстарыңызды, әріптестеріңізді шақырыңыз. Өйткені, көптеген адамдар бірінші рет өз бетінше қан тапсырудан қорқады, алайда олар біреумен бірге еріп баруға келіседі.
3. ЖОО-да, жұмыста және сіз баратын басқа жерлерде донорлық туралы хабарландыру жасаңыз. Егер Сіздің басшылығыңыз пікіріңізді қолдайтын болса, (деканат студенттерінде) донорларды тарту бойынша қосымша шараларды ұсынуға болады: қан тапсыру туралы дәріс өткізу презентация жасау немесе басқа шығармашылық нәрсе ойлап табу. Бұлай дейтініміз, белгіленген күні біздің қан орталығының көшпелі бригадасы сіздің мекемеңізге келеді және қызметкерлер/студенттер “жұмыс орнынан/оқудан қол үзбей”қан тапсыра алады.
5. Сондай-ақ, біздің ұйымның аумағында “корпоративтік донорлықты” ұйымдастыруға болады.
Акцияны жариялау үшін Сіз біздің қан орталығының үгіт материалдарын пайдалана аласыз. Еріктілер қатарына қосылыңыз! Бізге көмекшілер керек! Еріктілік мәселелері бойынша халықты донорлыққа үгіттеу жөніндегі маман Мустафина Мираға мына телефон бойынша: 8 705 752 09 64 хабарласа аласыз.
Біз бірге көп адамның өмірін сақтай аламыз!