Бүгін біздің қан және тромбоциттер донорымыз – Мұхаметқалиев Ермек Қадылбекұлының туған күні! «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ешқандай ерекше себепті күтпей-ақ жақсылық жасауға асығатын
жандар болады. Олар жай ғана келіп, өзгелерге көмек қолын созады. Сондай
жандардың бірі – қан мен тромбоциттердің тұрақты доноры Мұхаметқалиев
Ермек Қадылбекұлы. Ол көптеген жылдар бойы көмекке ерекше мұқтаж
жандарға үміт сыйлап келеді.
Сіз жасаған әрбір донацияңыз – біреудің сауығып кетуіне берілген
мүмкіндік, аман алып қалған өмір және күн сайын өз денсаулығы үшін күресіп
жүрген пациенттерге көрсетілген қолдау. Сіздің кең жүрегіңіз.
жанашырлығыңыз және ең қымбат байлығыңызды бөлісуге дайын болуыңыз
зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық.
Осы мерекелі күні Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-
береке, мол бақыт, жан тыныштығы мен барлық арман-тілектеріңіздің
орындалуын шын жүректен тілейміз. Адамдарға риясыз жасаған әрбір
жақсылығыңыз өзіңізге еселеп қайтып, әрдайым жаныңыздан туған-
туыстарыңыз, достарыңыз бен ниеттес жандарыңыз табыла берсін!
Кең жүрегіңіз, жанашырлығыңыз және сақтап қалған талай адам өмірі
үшін Сізге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Туған күніңіз құтты болсын. Ермек Қадылбекұлы! Өміріңіздің әрбір
жаңа жылы қуанышқа, толайым табысқа және бақытты сәттерге толы болсын!


