Бүгін біз қуанышпен біздің тамаша донорымыз Есполов Дидар Калиолдановичті туған күнімен кұттықтаймыз!
Дидар Калиолданович – мейірімді жүректі адам, ол бірнеше мәрте ең көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып үлгерген. Оның жомарттығы мен донорлығы арқылы өмір сыйлауға деген дайындығы бізге үлкен үлгі болып табылады. Дидар Калиолдановичке мықты денсаулық, сарқылмас энергия және әр күн бақытқа толы болуын тілейміз! Жақсы істеріңіз еселеніп қайтып келсін, ал өмірініздің әр жаңа жылы куаныш пен жаңа жетістіктер әкелсін. Басқаларға көмектесудің маңыздылығын өз ісіңізбен көрсеткеніңіз үшін алғысымыз шексіз!
Туған күнінізбен!


