Бүгін облыстық қан орталығында салтанатты шара өтті
Бүгін, Білім Күні қарсаңында қан орталығының кәсіподақ комитеті биыл бірінші сыныпқа баратын қызметкерлердің балаларын құттықтады. Жас оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді, оқуда сәттілік пен жарқын жаңалықтар тілей отырып, жылы лебіздер айтылды.
Сонымен қатар, биыл республика бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау акциясы басталды. Осы акция аясында «AQNIET денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ШҚО филиалының қан орталығының көп балалы аналарына балаларға мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек көрсетілді.
Мұндай қамқорлық пен қолдау – бұл біздің балаларымыздың болашағына маңызды үлес және біз бірге көп нәрсені жасай алатынымыздың тағы бір дәлелі.