Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында мейірім мен өзара көмекке толы ерекше атмосфера орнады.
Біздің қадірлі қонақтарымыз – ТЖМ ВКТЭУ «Қазселқорғау» ММ-нің құтқарушылары болды. Олар – күн сайын төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде халықты қорғап, алдыңғы шепте қызмет ететін жандар.
Бірақ бүгін олар дабыл бойынша емес, жүрек қалауымен келді – өздерінің бір бөлшегін бөлісіп, донорлық қанға мұқтаж адамдардың өмірін сақтап қалу үшін.
Құтқарушылар үшін донор болу – жай ғана іс емес, бұл олардың кәсіби шеберлігі мен батылдығының, адамгершілігінің тағы бір көрінісі. Себебі, көмектесу – олар үшін міндет емес, өмір салты.
Біз «Қазселқорғау» ММ ВКТЭУ ұжымына азаматтық белсенді ұстанымы, жанашырлығы мен игі іске қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз!
Ізгі ниеттеріңіз еселеп қайтсын, ал бүгін жасаған жақсылығыңыз біреуге өмір сыйласын.
Ізгі істерге сіз де қосылыңыз – себебі донор болу әркімнің қолынан келеді!

