Бүгін, 15 наурыз күні, Қазақстанда маңызды қоғамдық-саяси оқиға — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдум өтуде
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлері дауыс беруге белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Біздің ұжым үшін бұл тек азаматтық парыз ғана емес, сонымен қатар еліміздің болашағына деген жауапкершіліктің белгісі.
Біз күн сайын адамдарға көмектесіп, донорлық қан арқылы талай жанның өмірін сақтап қалуға атсалысып келеміз. Сондықтан еліміздің дамуына әсер ететін маңызды оқиғалардан тыс қалмай, белсенді азамат болу біз үшін аса маңызды.
Адамдар ортақ болашақ үшін біріге білсе — ел де күшейе түседі.

