Бүгін, 24 қазан күні, басты мемлекеттік мерекенің қарсаңында – Республика күніне орай – Облыстық қан орталығында донорлық акция өтті.
Республика күні – біздің тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және Отанға деген
мақтанышымыздың символы. Бұл күні әрбір қазақстандық өзін үлкен және
мықты елдің бір бөлігі ретінде сезінеді. Мүндай күндері мемлекет күші біздің
әрекеттерімізден, бір-бірімізге көмек көрсетуден және қамқорлықтан
туатынын еске алу әсіресе маңызды.
Осы мақсатта Қан орталығына
мейірімді адамдар жиналып, ең
құндысын – өз қанын – беруге шешім қабылдады. Әр донор үлкен ізгі миссияның бір бөлігіне айналды – адамдардың өмірін құтқаруға. Шынында да, қан құюды күтетіндер үшін донорлық қан өмір сүрудің нақты мүмкіндігіне
айналады.
Бұл акция тек ізгі іс қана емес, сонымен қатар бірліктің символы болды: бір-
бірімізге көмектесу арқылы ғана біз өз әлемімізді жарқын әрі мейірімді ете аламыз.
Акцияға қатысқан барлық адамдарға ашық жүректері мен көмектесуге дайын
болғандары үшін алғыс айтамыз. Сіздердің жақсылықтарыңыз көп еселеніп
қайтсын!
Республика күнімен, Қазақстан! Әрбір үйде бейбітшілік, келісім және бақыт
болсын, ал жүректерде – Отанға және бір-бірімізге деген сүйіспеншілік
орнасын.

