“Вакциналар бізді жақындастырады”

“Вакциналар бізді жақындастырады”

Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА– 2022) – адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған жыл сайынғы іс-шара дәстүрлі түрде сәуір айының соңғы аптасында өткізіледі.

Әр адамды иммундау жұқпалы аурулардың алдын-алу жеке және қоғамдық игіліктер мен денсаулықты қорғау үшін өте маңызды.

Дүниежүзілік иммундау апталығы 2022 жылы 24-30 сәуір аралығында “Вакциналар бізді жақындастырады”ұранымен өткізіледі.

Вакциналау-бұл вакциналармен иммунитетті құру тәсілі, денсаулық сақтаудың ең үлкен жетістіктерінің бірі. Вакциналаудың арқасында бірнеше ауруды жеңуге болады. Вакциналар кез келген жастағы адамдардың өмірін сақтап қана қоймай, болашақта біздің балалар мен немерелеріміздің толыққанды өмірінің кепілі болып табылады.

Иммундау вакциналардың көмегімен жатыр мойны обыры, дифтерия, В гепатиті, қызылша, көкжөтел, пневмония, ротавирустық инфекция және қызамық сияқты аурулардан зардап шегудің, мүгедектік пен өлімнің алдын алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, жыл сайын вакциналау арқылы алдын алуға болатын аурулардан 1,5 миллионнан астам бала қайтыс болады.

Вакциналау адамзаттың ең тиімді медициналық өнертабысы деп танылды, бұл әлемді ең қорқынышты аурулардан құтқаруға мүмкіндік береді.

ВАКЦИНАЛАУДАН УАҚТЫЛЫ ӨТІҢІЗ!

Донорлық сенбіХабарландыру №12

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33