АИТВ инфекциясы. АИТВ инфекциясына қан алу.
Облыстық қан орталығында «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта «АИТВ инфекциясы. АИТВ инфекциясына қан алу. Әмбебап сақтық шаралары. Инфекцияның алдын -алу. Донорларды тексеру. Стигма және дискриминация. Проблемалық мәселелер» тақырыбында семинар өтті . Семинар барысында АИТВ инфекциясы бойынша базалық ақпарат, ҚР және ШҚО бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу жасалды, қан алу ережелері, әлсіз топтағы адамдарды донорлыққа жібермеу мақсатында донорларды іріктеу, әмбебап сақтық шаралары және басқа да мәселелер қаралды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қоюға, бір-бірімен пікір алмасуға мүмкіндік алды. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандарына мазмұнды және өзекті материалдары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.