«Дүниежүзілік тазалық күні»

«Дүниежүзілік тазалық күні»

2022 жылдың 17 қыркүйегінде «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы «World cleanup day 2022» Дүниежүзілік акциясы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты.

Жыл сайын «World clean up day» акциясына бүкіл әлем бойынша 180-нен астам ел және 18 миллион еріктілер қатысады. Дүниежүзілік тазалық күнінің миссиясы-өскелең ұрпақты экологиялық бастамаларға тарту және қалдықтарды кәдеге жарату тақырыбында халықтың хабардарлығын арттыру.

Қазақстан 2018 жылдан бастап ауқымды акцияның қатысушысы болып табылады және қатысушылар мен мүдделі тұлғалардың саны жыл сайын артып келеді.

Сенбілікке қан орталығының барлық қызметкерлері қатысты, әрқайсысы бұл іске өз жан жылуын қосты. Осындай сенбіліктер кезінде жастар ұжымда жұмыс істеу дағдысын, қоршаған табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады.

Қан орталығының аумағын ғана емес, қала ішіндегі аумақтың бекітілген бөлігін де тазарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Өз жұмысыңыздың нәтижесін көру қандай бақыт, таза, жинақы аумақ айналаңыздағы адамдарға қуаныш сыйлайды.

Экологиялық сенбілікке қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз!

Достар, табиғатымызды таза және ұқыпты ұстайық!

Өмір күзетінде 24/7Хаттама №2

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33