Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасында салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара барысында ШҚО халқының денсаулығы үшін еңбек ететін медицина қызметкерлеріне мемлекеттік және өзге де наградалар табыс етілді.
Марапатталғандардың арасында облыстық қан орталығының қызметкерлері де болды: Кулиманова Сандуғаш Мұратқызы, донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен марапатталды, Булгакова Наталья Васильевна, ШҚ ОҚО -ның бас медбикесі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды, Тлеушева Умытканым Советкалиевна жұқпаларды диагностау зертханасының аға зертханашысы- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Медицина қызметкерлерінің еңбегі жоғары біліктілікті, жауапкершілікті және қайсар мінезді қажет ететіні ешкімге құпия емес. Адам өзінің сүйікті ісіне жанын берсе еңбегі елеусіз қалмайды.
Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз және медицина саласында барлық күш-жігерлерін сап, аянбай еңбек еткендері үшін алғыс айтамыз.
Зор денсаулық, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!