Гематоген – барлық донорларға!

Гематоген – барлық донорларға!

EiraMed – медициналық бұйымдарды өндіруге арналған заманауи фармацевтикалық кешен. Кәсіпорын шығаратын негізгі өнім – қан мен оның компоненттеріне арналған полимерлі контейнерлер. Осы өнімнің, сондай-ақ қан компоненттерін бөлуге және оларды зарарсыздандыруға арналған зауыт шығаратын жоғары технологиялық сүзгілер мен жүйелердің басты тұтынушысы Қазақстан Республикасының барлық қан орталықтары болып табылады!

Өндірістің осындай қуатына қарамастан “Eira Med” ЖШС басшылығы Республикада өтеусіз қан донорлығын белсенді қолдайды. 2020 жылдың шілдесінен бастап “Eira Med” ЖШС донорлықты дамытуды ынталандыру бойынша “МЕН ДОНОРМЫН, АЛ СЕН?!” атты республикалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы шешім қабылдады, оның шеңберінде қан орталықтарына донорлық акцияларда қан донацияланғаннан кейін донорларға берілетін жаңа донорларды тарту үшін тегін азық-түлік жиынтықтары жіберілді.

Осы бағытты жалғастыра отырып, 2023 жылдың шілдесінен бастап зауыт барлық өтеусіз қан донорларына және донациядан кейін оның компоненттерін беру үшін қан орталықтарына тегін гематогендер жіберу туралы шешім қабылдады. Енді біздің барлық донорларымыз донациядан кейін екі демалыс күндеріне анықтамамен бірге 1000тг және гематогенді алады.

Ақпарат үшін! Гематоген — темір көзі. Ол ағзадағы гемоглобин деңгейіне оң әсер береді. Темір көзі ағзадағы ферритин қорынан емес сырттан алынуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, темір сияқты элементтің жетіспеушілігі тұрғылықты жеріне қарамастан халық денсаулығының ең көп таралған бұзылыстарының бірі болып табылады. Темір тапшылығы мәселесі, ең алдымен, тамақтану мәселесі. Сондықтан темірдің жетіспеушілігін болдырмау үшін алдымен диетаны түзету қажет. Гематогенді диеталық қосымша ретінде алдын- алу мақсатында қолдануға болады, күнделікті диетаны дәмді және пайдалы тағаммен толықтырады.

Біздің елімізде өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін “Eira Med” ЖШС – нің басшылығына зор алғысымызды білдіреміз. “Eira Med” ЖШС ұжымына өркендеу, табыс және мықты денсаулық тілейміз!

Авторы: Мустафина М.А.

Біздің қызметкерлер – біздің мақтанышымыз!Жасөспірім және есірткі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33