«ГИДРОСТАЛЬ» ЖШС – де өткен донорлық күн: игі дәстүр, қайырлы істің бірі!
2025 жылғы 18 – інші наурызда «ГИДРОСТАЛЬ» ЖШС-де ұзақ үзілістен кейін тағы да донорлық күн өтті! Кәсіпорын қызметкерлері бұл маңызды бастаманы қуана қолдап, көмекке мұқтаж адамдарға арнап қан тапсырды. Донорлық-бұл біреудің өмірін сақтап қалудың жолы ғана емес, сонымен қатар басқаларға қамқорлық көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Бүгінгі күн бізге игі істер үшін бірігудің қаншалықты маңызды екенін еске салды. Барлық қатысушыларға ортақ іске ат салысқандары үшін алғыс айтамыз! Бұл дәстүр жалғасын тауып, өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын адамдардың саны арта берсін!