Денсаулық сақтау ұйымдарын гемоөніммен тәулік бойы қамтамасыз ету

Денсаулық сақтау ұйымдарын гемоөніммен тәулік бойы қамтамасыз ету

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының (бұдан әрі-ШҚОҚО) жұмысы пациенттерді үздіксіз, тәулік бойы гемпөніммен қамтамасыз етуге бағытталған, өйткені бүкіл облыс бойынша науқастарға тәуліктің кез келген уақытында донорлық қан құю қажет болуы мүмкін. Себебі, ешбір адам өзіне, баласына, сүйікті адамына, ата-анасына немесе досына қашан және қай уақытта қан қажет болатынын білмейді. Бүгінгі таңда ешкім апаттардан, аурулардан және басқа да күтпеген жағдайлардан сақтандырылмаған. Көбінесе алғашқы сағаттарда адам көп қан жоғалтса, мұндай жағдайларда қысқа уақыт ішінде, егер донорлық қан құю уақытында жасалмаса, онда өлімге әкелуі мүмкін.

ШҚ ОҚО ШҚО аудандары мен Өскемен қаласының 19 денсаулық сақтау ұйымын компоненттермен, қан препараттарымен және диагностикумдарымен қамтамасыз етеді. Пациенттерге қажетті қан компоненттерін беру мереке күндері де демалыс күндері де, тіпті түнде де тоқтатылмайды! Қан орталығының қызметкерлері кез-келген минутта денсаулық сақтау ұйымдарына көмекке келіп, қанға мұқтаж науқастарға қажетті қан компонентін беру үшін 24/7 жұмыс істейді. ШҚ ОҚО денсаулық сақтау ұйымдарынан өтінімдерді қабылдау, денсаулық сақтау ұйымдарына компоненттерді, қан препараттарын, диагностикалық стандарттарды беру, клиникалық трансфузиология мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуді тәулік бойы жүзеге асырады.

Қан компоненттерін дайындау жұмыс күндері сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін жүргізілетініне қарамастан, сақтау мерзімі қысқа (жуылған эритроциттер, тромбоциттер) қан компоненттеріне шұғыл өтінім түскен кезде қан орталығы оларды дайындауды жұмыс уақытынан тыс уақытта, оның ішінде түнгі уақытта ұйымдастырады. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ұжымы өз жұмысын сапалы атқарып, науқастардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігерін салуда!

Авторы: Шакшанова А.М.
Келісілді: Матаева Г.У.
ШҚ ОҚО баспасөз қызметінің төрағасы Т. Войнова

«Өмір жолында өзіңнің бір бөлшегіңді сыйла!» науқаныОблыстық конференция

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33