Қазақстан полициясы күні

Қазақстан полициясы күні

Қазақстaнда жыл сaйын  23  маусым  күні  кәсiби мереке – Қазақстан полициясы күні аталып өтiледі.

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл – Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт.

2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым ресми түрде Полиция күні болып бекітілді.

Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып саналады.

Облыстық қан орталығы ұжымының атынан полиция қызметкерлерін мерекемен  шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге төл мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күні қарсаңында мемлекетіміз бен азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғам мен ел тыныштығын сақтау жолында күш-жігер мен төзімділікті, әділдік пен жауапкершілікті талап ететін құқық қорғау саласындағы абыройлы да адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілейміз!

Фото қан орталығының мұрағатынан

Е-Заң көмегіДүниежүзілік қан донорлар күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33