Қарттар күні

Қарттар күні

Үлкенді құрметтеу және көмектесу керектігін еске салатын қарттар күні бүкіл қоғам үшін өте маңызды күн, сондықтан 1991 жылдан бастап халықаралық деңгейде атап өтіледі.

Қарттар күнін күздің екінші айының бірінші күні – 1 қазанда барлық жерде атап өту әдетке айналған.

Айтпақшы, бұл күн кездейсоқ таңдалмаған: қарттық – бұл алтын уақыт, яғни «күз» мезгілімен теңеледі деген пікір бар, сондықтан аға ұрпаққа күз мезгілінің ортасында ерекше күн беру туралы шешім қабылданды.

Мұндай мерекеде қан орталығының қызметкерлері де шетте қалмай, ардагерлерін мерекемен құттықтады.
Құрметті біздің ардагерлер, Сіздерді мерейлі мерекемен шын жүреткен құттықтаймыз.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бейбіт те берекелі тірлік тілейміз.

Еңселеріңіз тік, өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуат¬тары¬ңыз сарқылмасын!

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Донорларды қолдауҚұрметті С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері, оқытушылары және қызметкерлері!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33