«Дені сау денеде – дені сау рух!» атты ұранмен донорлық акция

«Дені сау денеде – дені сау рух!» атты ұранмен донорлық акция

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

Қазақстандағы медициналық туризм күніне орай, 2023 жылғы 27 қыркүйекте «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да «Дені сау денеде – дені сау рух!» атты ұранмен донорлық акция өтеді.

Донорлық акцияның мақсаты-қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастардың өміріне бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды қан тапсыруға шақыру.

Бұл күні барлық донорлар қан донациясынан кейін 1000 тг, екі демалыс күніне анықтама, Эйра Мед компаниясынан гематоген және серіктесіміз “AlphaMedGroup”ЖШС-нен кәдесый сыйлықтарын алады.

Құрметті донорлар, біз Сіздерді асыға күтеміз! Акцияға келіңіздер, сондай-ақ достарыңызды, көршілеріңізді, туыстарыңыз бен жақындарыңызды донацияға шақыруды ұмытпаңыздар.

Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11
Қан орталығына №17, 26, 46 автобустармен, №260 маршрутпен келуге болады.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек!
Донорларды қабылдау түскі үзіліссіз, сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін.

Қазақстандағы сүйек кемігінің донорлығыБіз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33