«Дені сау денеде – дені сау рух!»

«Дені сау денеде – дені сау рух!»

2023 жылғы 27-інші қыркүйекте облыстық қан орталығында «Дені сау денеде-дені сау рух!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Акция «AlphaMedGroup» ЖШС қолдауымен өтті және Қазақстандағы медициналық туризм күніне орайластырылды.

Соңғы жылдары орасан зор әлеуетке ие Қазақстан туристік саланы белсенді дамыта бастады. Бүгінгі таңда елімізде халықаралық туризмнің жаңа тренді – медициналық туризм қалыптасуда. Медициналық туризмді дамытудың мақсаты-медициналық туризмнің жаһандық нарықтық жүйесіне интеграцияланған денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті секторын құру және денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет алу үшін жағдай жасау.

Қан тапсырған акцияның әрбір қатысушысы Қазақстандағы медициналық туризм күніне орай «AlphaMedGroup» ЖШС серіктесімізден кәдесый сыйлықтарын алды.

Донорларымызға облыстағы қан донорлығын қолдағаны және науқастарға көмектескені үшін зор алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Біздің серіктесіміз «AlphaMedGroup» ЖШС туралы мақаланы келесі айдардан күтіңіздер!

Авторы: Мустафина М.А.

Донорлық күніAlphaMedGroup

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33