Донорлық анықтама бойынша түсініктемелер

Донорлық анықтама бойынша түсініктемелер

Біздің донорлардың жиі қоятын сұрақтары: «Донорлық функцияны жүзеге асыру кезінде неге бір ғана анықтама беріледі? Өтеусіз қан тапсыру кезінде қанша күн демалу керек?».

Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес донорларға мынадай кепілдіктер беріледі:

  1. Донорлық функцияны жүзеге асырғаннан кейін донорға ҚР ДСМ міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” бұйрығымен бекітілген № 123/е нысаны бойынша бір данада анықтама беріледі (13-1 т., ҚР ДСМ 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығы “Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы”).

Неліктен анықтама бір данада беріледі? Себебі, қан мен оның компоненттерін бір донациялау фактісін растайтын бір сәйкестендіру нөмірі бар қосымша анықтаманы (қатаң есептілік бланкілерін) беру Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына қайшы келеді.

  1. Донор болып табылатын қызметкердің қан мен оның компоненттерін тексеру және донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі (126-бап, ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі).

Қызметкер медициналық тексеру және қан және (немесе) оның компоненттерін донациялау кезінде жұмыс күндері орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады. Қан және (немесе) оның компоненттерін өтеусіз негізде донациялауды жүзеге асырған донорға жалақысы сақтала отырып, жыл сайынғы еңбек демалысына тағы да бір демалыс күні беріледі. Осы кепілдіктер донация сәтінен бастап бір жыл ішінде жарамды (208-бап, “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР Кодексі 2020 жылғы 07 шілдедегі №360-IV ҚРЗ).

Донорға қанша күн демалу керек? Егер қызметкер жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмыс күндері қан тапсырып, жұмыс орнына оралса, онда оған екі күндік демалыс беріледі (біріншісі – қан тапсыру күні, екіншісі – қосымша). Егер қызметкер жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмыс күндері қан тапсырса және өзінің жұмыс орнына оралмаса, онда оған бір күн беріледі. Егер қызметкер донорлық функцияны жұмыс емес күні (демалыс күні немесе демалыс уақытында) жүзеге асырған жағдайда, онда осы кепілдіктер оған қолданылмайды, донорға тек бір демалыс күні ғана беріледі.

Құрметті біздің донорлар! Көрсетілген мейірімділік пен адамгершілік әрекетіңіз үшін-өмірді сақтау үшін қан тапсырғаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сізді ерікті өтеусіз қан донорлары мен оның компоненттерінің қатарында қайта көруге қуаныштымыз.

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!«Донорлар-балаларға» атты ұранмен өткен донорлық акция

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33