Донорлық бағдаршам
Құрметті донорлар! Бүгінде әлеуметтік желілер қан донорлығын дамытуда маңызды рөл атқарады. Дәл осы әлеуметтік желілер арқылы біз сіздерге донорлық қан мен оның компоненттеріне деген ағымдағы қажеттілік туралы жедел ақпарат беріп, орталықтың жұмысы туралы айтып, маңызды ақпаратты дер кезінде жеткізе аламыз. Осындай ақпараттық құралдардың бірі «Донорлық бағдаршам». Бұл қазіргі уақытта облысымыздағы пациенттерге қанның қандай топтары мен қандай компоненттері аса қажет екенін білудің қарапайым әрі түсінікті тәсілі.
«Донорлық бағдаршамды» қай жерден табуға болады?
Дүйсенбі мен жұма аралығында күн сайын жаңартылған ақпарат қан орталығымыздың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында орналастырылады:
- https://instagram.com/centrkrovioskemen?igshid=YmMyMTA2M2Y
- https://vk.com/id358913783
- https://ok.ru/profile/577709246113
- https://www.facebook.com/profile.php?id=100054428863660
Өзекті ақпаратты білу үшін өзіңізге ынғайлы әлеуметтік желідегі қан орталығының ресми парақшасына кіріп, «Өзекті» ақпараттар бөлімін ашып, «Донорлық бағдаршамды» табу жеткілікті.
Түстер нені білдіреді?
ҚЫЗЫЛ – қажеттілік жоғары.
Белгілі бір қан топтарына немесе нақты қан компоненттеріне ерекше қажеттілік бар. Егер сіз донор бола алсаңыз, дәл қазір сіздің көмегіңіз аса маңызды.
САРЫ – қажеттілік сақталуда.
Донорлық қанға қажеттілік бар. Сіздің донацияңыз қан компоненттерінің қажетті қорын тұрақты деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.
ЖАСЫЛ – шұғыл қажеттілік жоқ.
Қажетті қан қоры қалыптастырылған. Егер сіз донация жасауды жоспарлаған болсаңыз, оны басқа уақытқа ауыстыруға болады.
Неліктен әрбір келер алдында «Донорлық бағдаршамды» тексеру маңызды?
Қан мен оның компоненттеріне медициналық ұйымдардың қажеттілігі күн сайын өзгеруі мүмкін. Бүгін белгілі бір қан тобы аса қажет болса, ертең басқа қан тобына қажеттілік туындауы мүмкін. Сондықтан тұрақты донорларға да қан орталығына келмес бұрын біздің ресми парақшаларымызға кіріп, «Донорлық бағдаршамдағы» өзекті ақпаратты тексеруді ұсынамыз.
«Донорлық бағдаршамды» қадағалап, өзекті қажеттіліктен хабардар болып отырыңыз және сіздің көмегіңіз аса қажет болған кезде қан орталығына келіңіз.
Сіздің донацияңыз – біреудің өмір сүруге деген мүмкіндігі.

