донорлық күні ШҚО ҚАЖД

донорлық күні ШҚО ҚАЖД

Сонымен, 2023 жылғы 01 қарашада басталған ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің (бұдан әрі – ШҚО ҚАЖД) қызметкерлері арасында өткен біздің донорлық акциямыз аяқталды. Бұл эстафетаны ҚР ІІМ ҚАЖК № 22 мекемелерінің қызметкерлері донорлық күнді ұйымдастыра отырып аяқтады.

Қан тапсыру-адамгершілік пен мейірімділіктің символы, адамдардың бір-біріне деген шынайы қарым – қатынасының көрсеткіші. Донорлар өздерінің бір бөлшегін бере отырып, әлеуметтік мәртебесіне, жасына және адамға деген көзқарасына қарамастан, мұқтаж адамдарға өмір мен денсаулық сыйлады. Табиғат адамдарды ерекше етіп жаратты, сонымен бірге басқаларға көмектесуге мүмкіндік берді.

Донорлық акцияларды өткізудің барлық кезеңінде №22, №24, №17, №73, №22 және 6699ӘБ мекемелердің 120 астам қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатысты.

«Біз барлық мекемелерде қан компоненттерін үнемі құюды қажет ететін науқастардың өмірін сақтап қалу үшін, донорлық қанның маңыздылығын көрсету мақсатында Донор күні сияқты қайырымдылық акциясын өткіздік. Екі апта ішінде біз 50 литр қанға қан компоненттерін толықтырамыз деген алдымызға мақсат қойдық, бірақ біздің қызметкерлер мен әскери қызметшілердің арқасында біз өз мақсатымызды асыра орындадық және 54 литр қан тапсырдық. Біз осындай игілікті істі біздің қызметкерлер қолдағанына өте қуаныштымыз. Олар науқастардың өмірін сақтап қана қоймай, жеке тәжірибелерімен барлығына қан тапсыру донордың өзі үшін қауіпсіз және пайдалы екенін көрсетті!» – деп атап өтті ШҚО ҚАЖД донорлық акциясын ұйымдастырушылар.

Өз кезегінде ШҚ ОҚО басшылығы ШҚО ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі Жанболат Аманұлы Калетаевқа ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша атқарылып жатқан бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Сонымен қатар, қан орталығының басшылығы акцияның барлық қатысушыларына мейірімді жүректері үшін алғыс айтады. Құрметті донорлар! Адамдарға деген шексіз сүйіспеншілік сіздің жүрегіңізде өмір сүргені үшін рахмет! Өзге адамдарға өтеусіз көмектесіп, басқалардың өмірін сақтап қалғаныңыз үшін рахмет! Жақсылыққа сенгеніңіз үшін және жақсылыққа деген сеніміңізді жоғалтпағаныңыз үшін рахмет! Біздің барлық ерікті өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорларына мың алғыс!

Көшбасшымыз – біз үшін лайықты үлгі«Сенің өмірің – сенің таңдауың!»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33