Донорлық саналы таңдаудан басталады

Донорлық саналы таңдаудан басталады

«Защита теміржол ауруханасы» ЖШС-де өтеусіз қан донорлығын дамытуға
арналған ағартушылық кездесу өтті.
«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК халықты донорлыққа
насихаттау жөніндегі маманы, Өскемен қалалық «Қазақстанның болашағы үшін»
жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Мира Мустафина ұжымға қан және
оның компоненттерін донорлыққа тапсыру туралы толыққанды дәріс өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар донор бола алатын адамдарға қойылатын
талаптар, тұрақты донорлықтың денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызы және бір
донацияның бірден бірнеше пациентке өмір сүруге мүмкіндік бере алатыны туралы
ақпарат алды.
Кездесу барысында қан тапсыруға дайындық мәселелеріне ерекше назар
аударылды. Атап айтқанда, дұрыс тамақтану, сұйықтық ішу тәртібі, донацияға
дейінгі шектеулер, сондай-ақ процедурадан кейін ағзаның тез қалпына келуі үшін
сақталуы қажет ұсынымдар түсіндірілді.
Мира Мустафина сондай-ақ қызметкерлердің көптеген сұрақтарына жауап беріп,
донорлыққа қатысты кең таралған мифтерді жоққа шығарды. Сонымен қатар қан
орталығындағы донордың өту жолы – тіркеуден бастап, күн сайын пациенттердің
өмірін сақтауға көмектесетін дайын қан компоненттерін дайындауға дейінгі кезеңдер
туралы айтып берді.
Мұндай кездесулер өтеусіз донорлық мәдениетін қалыптастыруға, халықтың
ақпараттану денгейін арттыруға және адам өмірін сақтап қалу сияқты игі іске көбірек
адамдарды тартуға ықпал етеді.
Мүмкін, дәл сіздің донор болу туралы шешіміңіз бір күні біреуге ең қымбат
сыйды – өмір сүруге мүмкіндік сыйлайтын болар.

ДОНОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ӨЗ ОҚИҒАҢМЕН БӨЛІС және қордың челленджіне қосыл!(RU) Конкурс видеороликов среди доноров костного мозга

ДОНОРЛАРҒА