Донорлық қабілеті бар халық арасында донорлықты насихаттау

Донорлық қабілеті бар халық арасында донорлықты насихаттау

Адамдарды донорлыққа тартудың тиімді тәсілі- өскелең ұрпақпен жұмыс жасау.
Себебі балалық шақта қалыптасқан құндылықтар, көзқарастар мен мінез-құлық
үлгілері ересек адамның әрекетіне үлкен әсер етеді.
2026 жылдың 31 наурызында «А.Байтұрсынұлы атындағы №20 орта мектебі» КММ – де 9-11 сынып оқушылары үшін «Мен – болашақ донормын!» тақырыбында
кездесу өтті. Жасөспірімдермен өткен ағартушылық кездесу «Донорлық мектебі»
жобасы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – мектеп оқушыларына донорлық
қан тапсырудың ағзаға пайдасын түсіндіру, донорлық қанның науқастар үшін қаншалықты маңызды екенін баяндау, сондай-ақ донорлық қан қорын жүйелі түрде
толықтырудың қажеттілігін және болашақ донордың қандай өмір салтын ұстануы
керектігін көрсету болды. Бұл туралы оқушыларға облыстық қан орталығының
донорлықты
насихатттау жөніндегі маманы Мира Мустафина толық мәлімет берді.
Айта кету керек, мектеп оқушылары әлі 18 жасқа толмағандықтан, қазіргі
уақытта тікелей қан құю арқылы науқастарға көмектесе алмайды. Дегенмен, олар
донорлыққа қатысты оң көзқарас қалыптастыра алады және бұл ақпаратты өз отбасы
мен достарына жеткізе алады. Кездесудің соңында балалар 18 жасқа толғанда
міндетті түрде ақысыз донор болуға ниет білдірді, ал әзірге барлық алынған ақпарат
ата-аналары мен туыстарына жеткізілетінін айтты.

Назад аударыңыздар! Маңызды ақпарат!Бүгін — ерекше күн, Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығының туған күні!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33