«Банк ЦентрКредит» АҚ-да донорлық күн
Қан тапсыру – бұл толық мағынасында азаматтық жауапкершілік ұғымын білдіреді. Адамдардың жақындарына қамқорлық жасауы, мұқтаж адамдарға көмек көрсетуі, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болуы, қоршаған ортаны сақтау және әр адам күнделікті жасауға тиісті барлық іс-әрекеттер.
Қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесу үшін, 2021 жылғы 5 – інші мамырда «Банк ЦентрКредит» АҚ – ның қызметкерлері өздерінде донорлық күнін өткізді.
«Біз донорлық туралы, әдетте, апаттар мен қайғылы жағдайлар кезінде ғана еске аламыз. Бірақ, қайғылы оқиғалардан басқа, күн сайын автокөлік апаттары орын алып, онкологиялық аурулар дамып, хирургиялық оталар жасалатынын да ұмытпауымыз керек. Ешбір адам ертең өзі немесе оның жақындары донорлық қанға мұқтаж болмайды деп сенімді түрде айта алмайды. Сондықтан біз донорлық қозғалысты қолдау үшін бар күшімізді салуымыз қажет!» – деп атап өтті банк қызметкерлері.
«БанкЦентрКредит» АҚ – ның директоры Мендыбаева Зульфия Рашидовнаға ынтымақтастық үшін және ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту жөнінде бірлесе атқарылатын жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.