Қан донорлығы – қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға ынтымақтасу

Қан донорлығы – қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға ынтымақтасу

Қан донорлығы – қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға ынтымақтасу және көмек көрсету актісі. Өкінішке орай, осы күнге дейін әлемдегі ғалымдардың ешқайсысы адам қанын алмастыруды ойлап тапқан жоқ, тек қанын тапсырған адам ғана өмірді басқа адамға сақтай алады! Жердің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде кем дегенде бір рет донорлық қанға мұқтаж екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.

2022 жылдың 09 және 10 тамызында 5518 Әскери бөлімінің әскери қызметшілері қан донорлығының қаншалықты маңызды екенін жеке үлгі ретінде көрсету қажет деп есептеп, өз базасында Донорлық күндерді ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ерікті өтеусіз донорлық іс-шараларға тұрақты негізде қатысатынын атап өту қажет.

Өз кезегінде облыстық қан орталығының басшылығы барлық әскери қызметшілерге өтеусіз қан донорлығын дамыту мен дәріптеуге қосқан белсенді үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Барлық донорларға түсіністік пен ықылас үшін алғыс айтамыз!

Трансфузиялық терапия ұйымдарын дамыту.2022 жылғы 15 тамызда “Ана мен бала орталығы” ШЖҚ КМК-да Донор күні өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33