Донорға алғыс
Біздің қан орталығының қызметкерлері күн сайын күрделі гематологиялық науқастарға донорлық қан компоненттерін жеке таңдауды жүргізеді
https://www.instagram.com/p/DA8kvFhq9zb/?igsh=MWJyb3B5N .
Иммунологиялық типтеу белгілі бір адамның HLA жүйесінің қалай көрінетінін анықтауға көмектеседі, ал HLA жүйесі бойынша қан компонентін жеке таңдау-тіндік үйлесімділік антигендері бойынша донор мен пациенттің ұқсастығын анықтауға көмектеседі. Өкінішке орай, генетикалық егіздер барлығына бірдей бола бермейді. Жиі кездесетін гендер жиынтығы бар пациенттердің біреуінде көптеген әлеуетті донорлар болуы мүмкін, ал біреуінде керісінше аз. Бүгін тромбоциттерді құюды күткен науқасқа фенотипке сәйкес келетін донордан компоненттер таңдалды. Ол адам- біздің тұрақты донорымыз, Чупекин Владимир Ильич, ол 2016 жылдан бастап қан тапсырады және бүгінгі күнге дейін қан мен оның компоненттерінің 15 донациясын тапсырған. Владимир Ильич көптеген жылдар бойы «Шығыстүстімет» ЖШС-де жетекші маман болып жұмыс істейді, өнегелі отбасының отағасы, екі ұл тәрбиелеп отыр.
Құрметті Владимир Ильич, Сіздің әрекетіңіз баға жетпес әрекет! Біз қиын сәтте Сіздің әрқашан бар екеніңізді және көмекке келуге дайын екеніңізге сенімдіміз. Мейірімді, жанашыр, асыл, адамгершілігі мол ұлды тәрбиелегені үшін ата-анаңызға үлкен рахмет! Сіздің арқаңызда ауруын жеңген адамдар өмір сүреді. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз.