«Донор» сөзі «donare» етістігінің туындысы
Жердің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде кемінде бір рет қан донорларына мұқтаж. Бір жерде апат болса,бір жерде – террористиік акт, бір жерде әйел адам босану кезінде қан жоғалтып жатады. Олардың барлығын біріктіретін нәрсе донорлық қанға шұғыл қажеттілік. Алайда, үнемі қан препараттарына мұқтаж адамдар бар- мысалы, гемофилиямен ауыратын науқастар.
«Донор» сөзі «donare» етістігінің туындысы (латынша «сыйлау»). Донор – басқаларды құтқару үшін өз қаның сыйлайтын, өзің құрбан ететін адам. Егер жердің әрбір үшінші тұрғыны қан құюды қажет ететінін ескерсек онда донорлық “экстремалды” бірлік акциясы немесе қоғамның өз көз алдында өзін-өзі растау болмауы керек.
“ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті” РММ қызметкерлеріне 2024 жылғы 20 ақпандағы донорлық күнді ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Мейірімді жүректеріңіз бен қайырымдылықтарыңыз үшін көп рахмет. Мейірімділік пен қайырымдылық-ең жоғары адамгершілік құндылықтар. Осындай игі істі жасап жатқан біздің донорларға зор денсаулық тілейміз!