Донор қан орталығына кіргенде, ол жайлы ортаны, қызметкерлердің күлімдегенін және нақты жүйелі жұмысты көреді.

Донор қан орталығына кіргенде, ол жайлы ортаны, қызметкерлердің күлімдегенін және нақты жүйелі жұмысты көреді.

Донор қан орталығына кіргенде, ол жайлы ортаны, қызметкерлердің күлімдегенін және нақты жүйелі жұмысты көреді.
Алайда, мұның артында әлдеқайда көп нәрсе жатыр.
Сенім — бұл негіз.
Әр донор бізге тек қана қанын емес, сонымен бірге өз денсаулығы, жеке деректері мен талдау нәтижелерін де сеніп тапсырады.
Біз түсінеміз: донор өзіне қатысты айтқан барлық ақпараттың құпия сақталатынына сенімді болуы керек және ол тек медициналық мақсаттар үшін ғана қолданылатынына кепілдік берілуі қажет.
Ал медициналық қызметкер үшін бұл тек деректер ғана емес — үлкен жауапкершілік.
Құпиялылық — жай ғана ресмилік емес.
Біз үшін дербес деректерді қорғау — күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігі:
· Ақпаратқа қолжетімділік тек уәкілетті мамандарға ғана беріледі;
· Зерттеу нәтижелері бөгде тұлғаларға берілмейді;
· Әрбір қызметкер дербес деректердің сақталуына жеке жауапты болады.
Бұл «қағаздағы ережелер» ғана емес, кәсіби этика.
Қауіпсіздік бөлшектерден басталады.
Әрбір әрекет — сауалнаманы толтырудан бастап зертханалық зерттеуге дейін — мұқияттылық пен дәлдікті талап етеді.
Біз барлық белгіленген стандарттарды сақтай отырып, тексереміз, қайта тексереміз,өйткені бұған донордың да, науқастың (реципиенттің де) да денсаулығы тәуелді екенін түсінеміз.
Сенімді болуды үйренеміз
Қан орталығының медициналық қызметкерлері үнемі оқудан өтіп, ішкі нұсқамалардан өтеді. Бұл «есеп үшін» емес, донордың өзін бүгін де, ертең де, әрдайым қауіпсіз сезінуі үшін қажет.
Біз әрбір донорды бағалаймыз
Біз үшін донор — тек ағын немесе нөмір ғана емес.
Бұл басқаларға көмектесу үшін келген адам және біздің міндетіміз — бұл сенімді ақтау.
Барлық донорларға таңдауларыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

2025 жыл қорытындысы ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМКМЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33