«Донор – өмір сыйлаушы!»
Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!
ҚР Конституциясы күні қарсаңында 2023 жылғы 29 тамызда “Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК-да «Донор – өмір сыйлаушы!» атты ұранмен донорлық акция өтеді.
Донорлық акцияның мақсаты қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастардың өміріне бей – жай қарамайтын барлық тұрғындарды қан тапсыруға шақыру. Бұл күні барлық донорлар қан тапсырғаннан кейін 1000 тг. ақша, 2 демалыс күніне анықтама және Эйра Мед компаниясынан гематоген алады.
Сонымен қатар, донорларға донациядан кейін сертификаттар табысталады. Біріншісі-алғашқы донор ер адамға – Өскемен қаласындағы жалғыз бачата жұптық @bachata_tut мектебінің сабақтарына сертификат;
Екіншісі-алғашқы үш әйел донорға @mirilasman ұсынған зумба би фитнес бағдарламасына сертификат. Сонымен, үшіншісі-осы күні барлық донорларды “PoliCity” балалар бассейнінде сынақ сабағына сертификаттар күтуде.
Құрметті донорлар, акцияға міндетті түрде келіңіздер және достарыңызды, көршілеріңізді, туыстарыңыз бен жақындарыңызды донацияға шақыруды ұмытпаңыздар!
Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11
Қан орталығына № 17, 46, 26 автобустармен және 260 маршрутпен келуге болады.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек!
Донорларды қабылдау түскі үзіліссіз, сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін.