ШҚО ҚАЖД
Бүгін Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында облыстық қан орталығына Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің (бұдан әрі-ШҚО ҚАЖД) қызметкерлері келді. ШҚО ҚАЖД қызметкерлерінің орталыққа келудегі негізгі мақсаты қанға мұқтаж науқастарға көмек көрсету және қан донорларының қатарына облыс тұрғындарын тарту болып табылады. Барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс білдіреміз және ШҚО ҚАЖД қызметкерлеріне зор денсаулық, еңбектеріне табыс, жақсы көңіл-күй тілейміз! Жасаған игілікті істері үшін рахмет айтамыз!