Дің жасушаларының донорлығы

Дің жасушаларының донорлығы

01.08.2024ж. Облыстық «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» бағдарламасында «Дің жасушаларының донорлығы» тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Осы тақырыпты ашу үшін студияға ШҚО қан орталығының донорларды қабылдау бөлімінің меңгерушісі Қулиманова Сандуғаш Мұратқызы және трансфузиолог дәрігер Умырзаков Дархан Шоқанұлы шақырылды.

Бұл күні қан орталығының қызметкерлерімен келесі тақырыптар талқыланды: сүйек кемігі/гемопоэтикалық дің жасушалары (ГДЖ) дегеніміз не; кім гемопоэтикалық жасушалардың доноры бола алады; донорлық дің жасушалары қалай жиналады және бұл процедура қаншалықты қауіпсіз; неліктен сүйек кемігінің тізіліміне қосылу маңызды?

«Әрбір адам белгілі бір адамға донор бола алмайды. Тіпті бауырластардың донорлыққа жарамды болуы генетикалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес 30%-дан аспайды.   ГДЖ донорлар қорында донорлар неғұрлым көп болса, ауру балалар мен ересектердің өмірін сақтап қалу үшін үйлесімді донорды табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Жыл сайын Қазақстанда 300-ге жуық адам сүйек кемігін трансплантациялауға мұқтаж, оның жартысы қан қатерлі ісігінен зардап шегетін балалар мен жасөспірімдер.

Құрметті шығысқазақстандықтар, ГДЖ донорлар қорында донорлар неғұрлым көп болса, ауру балалар мен ересектердің өмірін сақтап қалу үшін үйлесімді донорды табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан ГДЖ донорларының тізіміне қосылып біреудің құтқарушысы болыңыз!

Толық тікелей эфирді компанияның vkock.kz ресми сайтында «БАҚ біз туралы» бөлімінде көруге болады.

Гемоэксфузия (қан кету)Приглашение про донорство ГСК

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33