Дәрігерлер күні құтты болсын!
Бүгін біз кәсібі терең білім мен жоғары жауапкершілікті ғана емес, кең
жүректі де талап ететін жандарды құттықтаймыз.
Дәрігер – күн сайын маңызды шешімдер қабылдап, қиын сәттерде
пациенттерге қолдау көрсететін, үміт сыйлап, адамдардың денсаулығын қайта
қалпына келтіруге көмектесетін жан. Әрбір жұмыс күнінің артында – жылдар
бойғы оқу, мол тәжірибе, ұқыптылық және адамдарға шын ниетпен
көмектесуге деген ықылас жатыр.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының дәрігерлеріне ерекше
алғысымызды білдіреміз! Сіздердің кәсібиліктеріңіз, мұқияттылықтарыңыз
және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз денсаулық сақтау жүйесі үшін аса
маңызды. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында донор қаны мен оның
компоненттері көмекке мұқтаж жандарға дер кезінде жеткізіледі.
Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, әрбір жұмыс күндеріңіз таңдаған
мамандықтарыңызға деген мақтаныш сезімін сыйласын!
Сіздерге зор денсаулық амандық кәсіби жетістіктер, әріптестеріңіздің
құрметі мен пациенттеріңіздің алғысын тілейміз!
Өмірлеріңізде қуанышты сәттер, ізгі оқиғалар мен күлкіге себеп болатын
жағымды күндер көп болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті дәрігерлер! Еңбектеріңізге,
білімдеріңізге және адамгершіліктеріңізге мың алғыс!


