Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дегі донорлық күндер

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дегі донорлық күндер

18 және 19 қарашада Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Донор күндері өтті.

Бұл күндері студенттер, оқытушылар мен университет қызметкерлері мейірімділік пен жанашырлықтың жай сөз емес, нақты іс екенін тағы да дәлелдеді.

Қан тапсыру акциясы университеттің игі дәстүріне айналып, студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бөлігіне айналды. Өйткені донорлық – мұқтаж жандарға көмек қана емес, азаматтық жауапкершіліктің және адамға деген сүйіспеншіліктің көрінісі.

Қан тапсыруға келген әрбір адам оған аса мұқтаж жандарға өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.

ШҚО Қан орталығы өтеусіз донорлықты қолдағаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ШҚТУ басшылығына, студенттік активке және барлық қатысушыларға шынайы алғысын білдіреді!

(RU) Дорогая Олеся Александровна!Бүгін біз тұрақты донорымызды және Қан орталығының тамаша қызметкерін — донорларды жасақтау бөлімінің аға фельдшері Елена Геннадьевна Акентьеваны туған күнімен құттықтаймыз.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33