Емдейтін жанашырлық!
28 қараша – Дүниежүзілік жанашырлық күні – біз бөлісе алатын ең құнды нәрсе – қамқорлық пен көңіл бөлу екенін еске салатын күн. Адамзаттың ең шынайы көріністерінің бірі қан донорлығы- адам өз қаны кімге бұйыратынын білмей-ақ, мүлде бейтаныс біреудің өмірін сақтау үшін өзінен бір бөлігін бөліседі. Бұл жақсылықтың ең таза нысаны.Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының өкілдері – трансфузиолог – дәрігер Сандуғаш Мұратқызы Кулиманова және халықты донорлыққа тарту жөніндегі маман Мира Мустафина – Алтай ТВ телеарнасында сөз сөйлеп, донорлық қозғалыстың маңыздылығы, тұрақты донациялардың қажеттілігі және әрқайсымыздың біреудің үмітіне айналуымыз туралы айтып берді.
Біз Алтай ТВ телеарнасына шақырғаны, донорлық тақырыбына назар аударғаны және маңызды ақпаратты кең аудиторияға жеткізуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Осындай серіктестердің арқасында жақсылық айқынырақ және күштірек болады.
Жанашырлық күні мынадай ойды еске салсын: бір өмірді құтқару арқылы біз бүкіл әлемді жақсарта түсеміз.

