Еріктілер күні!

Еріктілер күні!

5 желтоқсанда бүкіл әлем қайырымды мереке-еріктілер күнін атап өтеді! Бұл күн — жүрегі мейірімге толы жандар үшін үлкен мереке. Еріктілер – бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын адамдар тобы. Олардың жасаған әрбір іс – әрекеті шынайы ниетпен, таза жүрекпен жасалынады, өйткені олар адамдардың қамқорлық пен қолдауды қажет ететіндерін, сондай – ақ көмектесу олардың міндеті екендігін түсінеді. Қан қызметінде де белсенді еріктілер бар-олар біздің белсенді донорларымыз ШҚО қан орталығына донор күндерін ұйымдастыруға, донорлық акцияларды ұйымдастыруға ат салысады. Олар қан тапсырып қана қоймай, әріптестері, достары, туыстары арасында донорлықты танымал етеді.

Құрметті біздің еріктілер, Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жанқиярлық еңбектің, жауаптылықтың, ұйымшылдықтың арқасында Сіздер мұқтаж адамдарға дереу көмек қолын соза аласыздар. Сіздердің адами қасиеттеріңіз басқаларға үлгі болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және барлық жақсы бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

Донорлық күнтізбеТрансфузиялық көмектің жыл сайынғы мониторингі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33