Ерікті қан донорлығы айлығының аяқталуы

Ерікті қан донорлығы айлығының аяқталуы

Міне, 2026 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының қоғамда жауапкершілік, өзара көмек және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдау мақсатында жариялаған ерікті өтеусіз қан донорлығы айлығы өз мәресіне жетті.

Осы бір ай ішінде Шығыс Қазақстан облысының 700-ден астам тұрғыны қан мен оның компоненттерін тапсырып, донор атанды. Тапсырылған қанның жалпы көлемі шамамен 300 литрді құрады. Бұл көрсеткіштер өңірде азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін және донорлық қозғалысқа белсенді қолдау бар екенін айқын дәлелдейді.

Бүгін ШҚО Қан орталығында өткен қорытынды іс-шараға «AMANAT» партиясы мен «AQNIET» денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілдері қатысып, донорларға адам өмірі мен денсаулығын сақтауға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Донорлық қозғалыс денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді әрі гуманизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын көрінісі саналады.

Өтеусіз қан донорлығы бастамасын қолдаған барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Акцияға қатысқан әрбір донор адам өмірін сақтап қалуға және өңірдің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Айрықша ризашылығымызды ерікті донорлық айлығын өткізуге қолдау көрсеткен барлық ұйымдарға, ұжымдарға және қоғамдық бірлестіктерге арнаймыз. Сіздердің белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз, жанашырлықтарыңыз бен өзгелерге көмектесуге деген ықыластарыңыз – жауапкершілік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі.

Донор болуға уақыт тауып, ниет білдірген әрбір жанға алғыс айтамыз. Сіздердің мейірімділіктеріңіз бен көмекке әрдайым дайын тұруларыңыз қоғамымызды одан әрі мықты, біртұтас әрі ізгілікті ете түседі.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33