«Жаңа адамдар» — көмек көрсетуді таңдайтын жастар!

«Жаңа адамдар» — көмек көрсетуді таңдайтын жастар!

Бүгін Қазақстан-Американдық еркін университетінде (ҚАЕУ) «Жаңа адамдар» жастар қозғалысымен бірлескен акция аясында қан донорлығына арналған ағартушылық дәріс өтті.

Студенттерге өтеусіз қан донорлығының маңызы, кім донор бола алатыны, қан тапсыру рәсімі қалай өтетіні және донорлық қозғалысқа тұрақты қатысудың медициналық ұйымдар үшін қажетті қан компоненттерінің қорын толықтыруға қосатын үлесі туралы айтылды.

Сонымен қатар азаматтық жауапкершілік және жастардың еріктілер қозғалысын дамытудағы рөлі туралы сөз қозғалды.

Өйткені кейде біреудің өмірін өзгерту үшін үлкен сөздер қажет емес. Қарапайым ғана қадам жасау жеткілікті — қан тапсыруға келіп, адамға үміт сыйлау.

Осындай қарапайым қадамдар тек жақсылықты армандап қана қоймай, өз ісімен игі өзгерістер жасай алатын ұрпақтың қалыптасуына бастау болсын!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33