Жеңіс күні құтты болсын!
9 Мамыр – жай ғана күн емес. Ол әрбір отбасының жадында сақталған естелік. Бұл – сұрапыл
жылдардың ізі сезілетін тыныштық пен сөзбен айтып жеткізу қиын терең алғыс.
Біз жастық жігері тасып тұрған, әрі үрей мен батылдық қатар жүрген жандарды – өз
аталарымыз бен әжелерімізді еске аламыз. Олар майданға аттанып, қайтып орала ма, жоқ па білмей кетті. Олар тылда бар күшін аямай еңбек етті. Жақындарынан айырылса да, сенімдерін
жоғалтпады. Олардың ерлігі – жай ғана оқулық беттері емес, бұл бізге орасан зор азапен ерліктің
бағасымен сыйланған өміріміз.
Жылдар өткен сайын бұл жайлы тікелей айтып бере алатын жандар сиреп барады. Алайда естелік жоғалған жоқ – ол жүрегімізде, сарғайған суреттерде, ұрпақтан ұрпаққа жеткен
әнгімелерде және соғыс әндері орындалғанда көңілді толқытатын сезіммен бірге сақталып келеді.
Осы Жеңістің қандай зор құрбандықпен келгенін ұмытпау – біздің парызымыз. Әр үйде
алғыс пен құрмет сақталсын. Ал олар үшін қол жеткізілген бейбітшілік – біз қорғап, қадірлейтін ең
қымбат құндылық болып қала берсін.
Ержүрек батырлардың рухы мәңгі жадымызда! Ардагерлерге шексіз құрмет пен алғыс!
Ұлы Женіс күні құтты болсын!


