Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!

Бүгін, 2023 жылдың 16 наурызында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы ШҚО бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аға офицері Гүлнұр Айтқұмарқызы Бекбаевамен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты тақырыпта кездесу өтті.

Кездесу барысында Гүлнұр Айтқұмарқызы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамның мемлекет қорғауында екенін және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленетінін айтты. Сонымен қатар, спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты ҚР заңнамасындағы негізгі өзгерістерді атап өтті, қатысушыларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысатын адамдарға қолданылатын жазалау шараларымен таныстырды.

Достар мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік беретінін ұмытпаңыз. Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже береді.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез – құлық нормасына айналуы тиіс.

Хаттама 15.03.2023 №7Депутаттар сайлауына Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлері қатысты

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33