10 мл қандағы өмір!

10 мл қандағы өмір!

6-7 сәуірде «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК-да «Гемопоэздік дің жасушалары донорларының ұлттық тіркелімін қалыптастыру және жүргізу» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК трансфузиолог-дәрігері Сандуғаш Мұратқызы Қулиманова қатысты.

Тіркелім гемопоэздік дің жасушаларын (бұдан әрі – ГДЖ) трансплантациялауды қажет ететін пациенттер үшін құрылады. Ол белгілі бір науқас үшін сүйек кемігінің доноры болуға қажет болған жағдайда келісімін берген адамдар туралы ақпараттан тұрады, бұл оны емдеу үшін өте маңызды.

Ақпарат үшін! Сүйек кемігі – қантүзілім және ағзаның биологиялық қорғанысының маңызды мүшесі. Трансплантация үшін ол шығаратын ГДЖ қажет. Олар барлық болашақ қан жасушаларын тудырады. Трансплантация бірқатар ауыр ауруларды емдей алады: қатерлі ісік, гематологиялық, тұқым қуалайтын және иммун тапшылығы жағдайлары.

Достар, егер сіз біреудің құтқарушысы болғыңыз келсе, онда сіз бізге, қан орталығына хабарласып, тиісті сауалнаманы толтырып, донорлықтың барлық кезеңдерін егжей-тегжейлі сипаттайтын келісімге қол қоюыңыз қажет.

Толық ақпаратты мына нөмірлер бойынша алуға болады: 8 (7232) 70-38-38, 8 777 496 80 20.

70 жыл өмірді сақтау!«Келіңіздер, көріңіздер, оны айтып жеткізу мүмкін емес»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33