Жүрек жылуымен және әрбір пациентке деген қамқорлықпен

Жүрек жылуымен және әрбір пациентке деген қамқорлықпен

Денсаулық сақтау жүйесінде еңбегі көпшілікке көріне бермейтін, алайда кәсібилігі, жауапкершілігі мен адамгершілігінің арқасында талай жанның өмірі мен денсаулығына араша болып жүрген мамандар бар. Солардың бірі — Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК өнім беру тобының кезекші мейіргері Ястребова Татьяна Анатольевна. Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі 30 жылдан асады, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие.
Татьяна Анатольевна медицина саласындағы еңбек жолын 1993 жылы Өскемен медициналық училищесін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін бастады. Алғашқы кәсіби тәжірибесін Өскемен қалалық №2 ауруханасында жинақтап, дәл осы жерде өз мамандығының дұрыс таңдау екеніне толық көз жеткізді.
2000 жылы Татьяна Анатольевна Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің мейіргері қызметіне қабылданды. Ол қан дайындау, сақтау және тасымалдау технологиясын жетік меңгерді. Көшпелі бригада құрамында Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының аудандарында донорлық қанды жаппай дайындау жұмыстарына тұрақты түрде қатысты.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап Татьяна Анатольевна еңбек жолын өнім беру тобының кезекші мейіргері қызметінде жалғастыруда. Оның негізгі міндеті — облыстың медициналық ұйымдарының өтінімдері бойынша қан компоненттерін уақытылы беріп, олардың қорын толықтыру. Әрбір берілген қан дозасының артында үлкен жауапкершілік, дәлдік және бір науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік тұрғанын терең түсінеді.
Төтенше жағдайларда Татьяна Анатольевна қан дайындау үшін бригаданы жедел ұйымдастырады, себебі бұл жұмыста әрбір минут қымбат. Қарбалас жұмыс кестесі мен жоғары жүктемеге қарамастан, ол сабырлылығын, төзімділігін және адамдарға деген ізгі қарым-қатынасын сақтай біледі.
«Медициналық ұйымдарды тәулік бойы қан компоненттерімен қамтамасыз ету үлкен білімді, тәжірибені, төзімділік пен сабырлылықты талап етеді. Мұның бәрі пациенттердің өмірін сақтау үшін қажет, және мен осы игі іске өз үлесімді қосып жүргенімді мақтан тұтамын», — дейді Татьяна Анатольевна.
Көп жылғы еңбегі барысында ол әріптестері мен ұжым арасында жауапты, білікті әрі жанашыр маман ретінде зор құрметке ие болды. Оны еңбекқорлығы, жоғары кәсібилігі, ұқыптылығы, жаңа технологияларды меңгеруге дайындығы және мамандығына деген адалдығы ерекшелейді.
Мейіргер күні қарсаңында Татьяна Анатольевнаға және күн сайын адамдарға қамқорлық, қолдау мен үміт сыйлап жүрген барлық мейіргерлерге алғысымызды білдіреміз. Олардың еңбегі — жай ғана мамандық емес, адамға қызмет етудің жарқын үлгісі.

Адамдарға өмір бойы адал қызмет ету14.05.2026 ДОНОР КҮНІ

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33